Сандықтау ауданы әкімінің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Сандықтау ауданы әкімінің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары! Ардақты ардагерлер мен әскери қызметшілер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке — ерлік пен елге деген адалдықтың, намыс пен патриотизмнің айқын көрінісі. Қай заманда да Отан қорғаушылары мемлекеттің тірегі, ел бірлігі мен қуатының символы болып келеді.
Біз бейбітшілік пен тәуелсіздікті қорғаған ардагерлердің ерлігіне зор құрметпен тағзым етіп, бүгінгі таңда әскери борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке, ашық аспан және жарқын болашаққа сенім тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.