Сандықтау ауданында мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Сандықтау ауданында мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Сандықтау ауданында аудан әкімдігінің мәжіліс залында мал шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.
Маңызды бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі мен Ақмола облысы әкімдігі бекіткен 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын орындау болып қала береді.
Кездесу барысында саланың қазіргі жағдайы, оның әлеуеті мен одан әрі даму перспективалары қарастырылып, сондай-ақ «Белуха» шаруа қожалығының мал шаруашылығы саласындағы жұмыс тәжірибесі таныстырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі ауыл шаруашылығын әртараптандыру қажеттігін атап өтіп, аграршыларға егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығын да белсенді түрде дамыту жөнінде тапсырма берді. Бұл бағыттың шаруашылықтардың тұрақтылығын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және табысты көбейтуге қосымша мүмкіндіктер беретіні айтылды.
Сонымен қатар басым міндеттер қатарында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын арттыру, ауылдағы еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу белгіленді. Аталған шараларды іске асыру ауданның кешенді дамуын қамтамасыз етіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.