
Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Сандықтау ауданында аудан мектептерінің оқушылары арасында әскери-спорттық жарыс өтті.
Іс-шара жерлесіміз — Кеңес Одағының Батыры Николай Илларионович Колбасовтың рухына арналды. Оның жауынгерлік жолы мен Отанға адалдық туралы өсиеттері өскелең ұрпақ үшін лайықты үлгі болып табылады.
Құттықтау сөзбен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай сөз сөйлеп, мұндай іс-шаралардың азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті. Әкім Ұлы Отан соғысы батырлары мен тәуелсіз Қазақстанның қорғаушыларын еске сақтау – патриоттық тәрбиенің берік негізі екенін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ қатысушыларға «Свободное» ЖШС директоры Александр Закусилов сөз арнап, жарыс жеңімпаздары «Beibarys» сауықтыру лагеріне жазғы демалысқа жолдамалармен марапатталатынын хабарлады.
Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың дене дайындығын нығайту ғана емес, сонымен қатар жастардың бойында патриотизм сезімін, тарихқа және әскери дәстүрлерге құрметті қалыптастыру болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I- орын — Максимовка ауылының жалпы білім беретін мектебі;
II- орын — Балкашино ауылының жалпы білім беретін мектебі;
III- орын — Лесное ауылының жалпы білім беретін мектебі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыс тілейміз!