Сандықтау ауданы әкімінің Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Сандықтау ауданы әкімінің Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні — татулық, достық және өзара құрмет мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бірлік — біздің басты күшіміз, әрі дамуымыздың берік негізі. Ауданымызда түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ортақ игілікке өз үлестерін қосып келеді.
Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, жақсылық пен молшылық тілеймін! Әр шаңырақта бақыт пен береке салтанат құрсын!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.