Абаттандыру жұмыстарының барысын тексеру және аудан тұрғындарына үндеу

Абаттандыру жұмыстарының барысын тексеру және аудан тұрғындарына үндеу

Жұмыс сапары аясында аудан әкімі Серік Құдабай Балкашино ауылында абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді. Тексеру барысында бірқатар мәселелерге назар аударылды, соның ішінде жеке аулалардың жағдайы - сынған қоршаулар, күтімсіз аула мен үйлер.
Мұндай жағдайлар жеке меншік аумақтарын күтіп-ұстау мен елді мекеннің жалпы көрінісіне жеткілікті назар аударылмай отырғанын көрсетеді. Осыған байланысты аудан тұрғындарын абаттандыру жұмыстарын жауапкершілікпен қарап, өз аулаларын тиісінше күтіп ұстауға шақырамыз.