Сандықтау ауданының әкімі аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына қатысты

Сандықтау ауданының әкімі аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына қатысты

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай аудандық мәслихаттың кезекті XXXI сессиясына қатысты.
Сессия басталар алдында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың республикалық референдумды дайындауға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін марапатталған бірқатар азаматтарға алғыс хаттарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.
Отырыс барысында 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке, сондай-ақ сол кезеңге арналған ауылдық округтер мен Мәдениет ауылының бюджеттеріне қатысты мәселелер қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.