Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.
Отырыс барысында кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамаған ата-аналарға қатысты Сандықтау ауданының білім және полиция бөлімдерінің ұсыныстары қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.