
Сандықтау ауданында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізілді.
Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысты.
«Әрбір отырғызылған ағаш — аймақтың экологиялық игілігіне қосылған үлес. Мұндай бастамалар табиғатқа қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық бірлікті нығайтуға ықпал етеді», — деп атап өтті Алтынай Әміренова.
Акция аясында 2450 көшет отырғызылды. Осы бастамаға мемлекеттік органдардың өкілдері, спортшылар мен белсенді жастардан тұратын 350-ге жуық адам қатысты.
Акцияны өткізу аймақтағы экологиялық бастамаларды жүзеге асыруда маңызды қадам болды.