
Балкашино ауылының аудандық Мәдениет үйінде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу мәселелеріне және Сандықтау ауданында мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштеріне арналған агро-кеңес өтті.
Кеңес басталар алдында қатысушыларға гербицидтер, минералды тыңайтқыштар, ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектерді жеткізушілер қатысқан өнімдер көрмесі ұсынылды.
Кеңес жұмысына Ақмола облысы ауыл шаруашылығы Басқармасы басшысының орынбасары Іліяс Жүсіпов, ауылдық округ әкімдері, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, шаруа қожалықтарының басшылары, сондай-ақ облыстық және аудандық қызметтер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары, мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу және іске асыру, аграрийлер үшін кредиттеу бағдарламалары, сондай-ақ тозған жайылымдардың өнімділігін арттыру әдістері қарастырылды. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан жағдайында қант қызылшасы мен жүгері өсірудің болашағы, сондай-ақ мемлекеттік сортысынан өткізілген сорт сынақтарының нәтижелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі көктемгі егіс жұмыстарының сапасын бақылауды, ЖШС қызметкерлерінің жалақысын арттыруды, инвестициялық жобалар бойынша жұмысты күшейтуді және ветеринариялық дәрігерлерді оқыту үшін облыс әкімінің гранттарын пайдалануды тапсырды.