Бес медаль — Сандықтау БЖСМ спортшыларының жарқын жетістігі

Бес медаль — Сандықтау БЖСМ спортшыларының жарқын жетістігі

13–18 сәуір аралығында Атбасар қаласында Н. А. Литвиновты еске алуға арналған ауыр атлетикадан ашық турнир өтті.
Жарысқа Атбасар, Бұланды, Біржан сал, Астрахан және Жарқайың аудандарынан, сондай-ақ Көкшетау және Степногорск қалаларынан спортшылар қатысты.
Сандықтау аудандық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары әртүрлі дәрежедегі 5 жүлде жеңіп алды. Атап айтқанда:
Успеньева Анастасия — 1-орын (алтын), 48- кг дейінгі салмақ дәрежесінде;
Идрисова Лаура — 2-орын (күміс), 36- кг дейінгі салмақ дәрежесінде;
Барсуков Филипп — 2-орын (күміс), 45- кг дейінгі салмақ дәрежесінде;
Идрисова Тамара — 3-орын (қола), 48- кг дейінгі салмақ дәрежесінде;
Секенов Әлішер — 3-орын (қола), 56- кг дейінгі салмақ дәрежесінде.
Өткен жарыс ағымдағы жаттығу маусымындағы спортшылардың аралық нәтижелерін көрсетті.