
Өскемен қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Анастасия Успеньева 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде лайықты өнер көрсетіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 5-орынға ие болды. Оның нәтижесі — 94 кг (жұлқа көтеру — 42 кг, серпе көтеру — 52 кг).
Анастасия мен оның жаттықтырушысын жақсы өнер көрсетуімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістер және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!