Сандықтау ауданы әкімінің Ұлттық кітап күнімен және кітапхана жүйесі қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Сандықтау ауданы әкімінің Ұлттық кітап күнімен және кітапхана жүйесі қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Құрметті Сандықтау ауданының кітапхана жүйесінің қызметкерлері!
Сіздерді Ұлттық кітап күнімен және кітапхана қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Кітап қай заманда да білімнің, даналықтың және рухани байлықтың сенімді көзі болып келеді және солай болып қала береді. Осы игі істе кітапхана қызметкерлерінің рөлі ерекше. Сіздер – өз істеріне адал, мәдени мұраны сақтап, оны молайтып жүрген, оқырмандарға білім әлемінің есігін ашып, әр адамға өз кітабын табуға көмектесетін нағыз кәсіби мамандарсыздар.
Кітапхана жүйесінің барлық қызметкерлеріне қажырлы еңбектерлері, жоғары кәсібиліктері және өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктері үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, шығармашылық шабыт және жаңа табыстар тілеймін! Кітап әрқашан әрбір адамның өміріндегі сенімді серігі болсын!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.