
Есіл қаласында «Жас Ұлан-2026» облыстық жарысы өтті.
Біздің ауданымыздың намысын қорғаған команда құрамына №1 және №2 жалпы білім беретін мектептер мен Каменка ауылының жалпы білім беретін мектебі оқушылары кірді.
«Саптық көрініс және ән айту» номинациясында біздің команда жоғары деңгейде дайындық көрсетіп, лайықты түрде 3- орынға ие болды. Бұл нәтиже — қатысушылардың бірлігі, тәртібі және нағыз командалық рухының айғағы.
Оқушыларды керемет нәтижемен құттықтаймыз! Біз сіздердің еңбектеріңіз бен жеңіске деген ұмтылыстарыңызбен мақтанамыз. Команданы дайындаған жаттықтырушыларға ерекше алғысымызды білдіреміз. Жас жеткіншектерге одан әрі табыс, жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер тілейміз!