
Құрметті Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз аудан тұрғындарының жайлылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында үйлерде жылу мен жайлылық сақталып келеді.
Адал еңбектеріңізбен, өз істеріңізге деген жанашырлықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының дамуына қосқан үлестері үшін сала ардагерлеріне ерекше алғыс айтамын.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.