Құрметті Ақмола облысы Сандықтау ауданының тұрғындары!

Құрметті Ақмола облысы Сандықтау ауданының тұрғындары!

 

Сандықтау ауданының барлық ауылдық округтері әкімдіктерінде азаматтардың құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру мақсатында қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар «құқық кабинеті» немесе «өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы» құрылған.

 

«Құқық кабинеттері»,«өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.

«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.

Құрметті Сандықтау ауданының азаматтары, құқықтық мәселелер туындаған жағдайда ауданның барлық ауылдық округтерінде орналасқан құқық кабинеттерін пайдалана аласыздар.