Сандықтау ауданының әкімі шағын бизнестің дамуымен танысты

Сандықтау ауданының әкімі шағын бизнестің дамуымен танысты

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай бірқатар шағын және орта бизнес нысандарын аралап, жергілікті кәсіпкерлердің қызметімен танысты.

Аудан әкімі сауда нүктелерінің иелерімен және сатушыларымен әңгімелесті, олардың ұсыныстарын тыңдап, кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, кездесу аясында өнім ассортиментін жаңарту, сауда нүктелерінің желісін кеңейту және қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері көтерілді. Бұл сатып алушыларды көбірек тартуға және жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.