Жас баскетболшылардың қола жетістігі

Жас баскетболшылардың қола жетістігі

Степногорск қаласында жасөспірімдер арасында 3×3 баскетболдан Ақмола облысының чемпионаты өтті.

Біздің команда жарыста өзін лайықты көрсетіп, ұйымшылдықты, рухтың мықтылығын және жоғары дайындық деңгейін паш етті. Турнир қорытындысы бойынша спортшылар U17 санатында құрметті III-орынды иеленді.

Команданың дамуына қосқан үлесі, кәсібилігі және қолдауы үшін жаттықтырушы Игорь Чайковқа ерекше алғысымызды білдіреміз.

Жеңісті нәтижемен құттықтаймыз! Алда әлі де жарқын жеңістер, сенімді ойындар және жаңа спорттық белестер көп болсын!