Сандықтау ауданы әкімінің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Сандықтау ауданы әкімінің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!

Сіздерді көктемнің тамаша мерекесі-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын мереке табиғаттың ашылуын, жаңа өмірдің басталуын, бейбітшілікті, келісімді білдіреді. Наурыз ғасырлар бойы адамдарды біріктіреді, достық пен өзара түсіністікті нығайтады, жүректі жақсы болашаққа деген үміт пен сеніммен толтырады.

Баршаларыңызға зор денсаулық, амандық және туған өлкенің игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!

Наурыз біздің өмірімізге қуаныш, тыныштық пен өркендеу әкелсін!

Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.