Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара

Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара

Балкашино ауылының орталық алаңында көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай тұрғындар мен қонақтарға құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің жаңару, бірлік пен ізгі бастамалардың символы ретінде маңыздылығын атап өтті.

Салтанатты шара барысында бірқатар азаматтарға жаңа тұрғын үйден пәтер кілттері табысталды. Сонымен қатар, ауданның дамуына елеулі үлес қосып, қоғамдық өмірге белсене қатысқан көптеген тұрғындарға алғыс хаттар берілді.

Мереке қонақтарына аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылып, көрермендерге қуаныш пен көктемгі көңіл күй сыйлады.

Барлық ниет білдірушілер бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің туындыларымен танысып, өздеріне ұнаған бұйымдарды сатып ала алды.

Киіз үйлердің жанында ұлттық ойындар, спорттық жарыстар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылып, әрбір адам өзіне ұнайтын іс тауып, халықтық дәстүрлердің рухын сезіне алды.