
Балкашино ауылының орталық алаңында дәстүрлі «Көшпенділер» жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке Сандықтау ауданының тұрғындары үшін өткізілді. Жәрмеңкеде шұжық өнімдері, ірімшіктер, сүт өнімдері, құс еті (тауық, қаз, үйрек, күркетауық), кондитерлік өнімдер, жаңғақтар, тұрмыстық өнімдер және т.б. ұсынылды.
Жәрмеңкеге қатысқан және тұрғындарды жаңа және сапалы тауарлармен қуантқан барлық кәсіпкерлерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!