
«Сандықтау-Су» коммуналдық кәсіпорны Сандықтау ауданы әкімдігі бөлген бюджеттік қаражат есебінен «Беларус 922» маркалы тракторын сатып алды. Жаңа техника кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруға және өндірістік міндеттердің сапалы, әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аудан әкімі Серік Құдабай сатып алынған тракторды жеке қарап шығып, оның техникалық сипаттамаларымен танысты және ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызметтердің материалдық-техникалық базасын жаңартудың маңыздылығын атап өтті.