Владимир Гресько – «Гранд-турдың» екінші кезеңінің жеңімпазы

Владимир Гресько – «Гранд-турдың» екінші кезеңінің жеңімпазы

Қостанай қаласында жасөспірімдер арасында биатлоннан Қазақстан Республикасының Кубогы («Гранд тур» — II- кезең) өтті. Аталған жарыста спортшымыз Владимир Гресько (жаттықтырушысы — Тахтавраниди Е.Л.) «Достық» эстафетасында І- орын иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Владимирді және оның жаттықтырушысын лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта толағай табыстарға, жарқын жеңістерге және жаңа спорттық жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!