Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімдігі 10 жыл мерзімге шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімдігі 10 жыл мерзімге шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімдігі 10 жыл мерзімге шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткенсоң конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 26 наурыздан бастап 2026 жылғы 17 сәуірді қоса алғанда, Ақмола облысы, Жақсы ауданы,  Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 3-үй мекен жайы бойынша жүзеге асырылады. Қорытындылау күні конкурстың аяқталу күні болып саналады. Конкурс қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні өткізіледі.

            Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2026 жылғы 20 сәуірде сағат 09:00 де, Ақмола облысы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 3-үй мекен-жайы бойынша шығарылады.

р / с

Жер учаскесінің орналасқан жері лот №

Жер учаскесі

үшін беріледі:

Аймақтың ауылшаруашылық мамандануы

Жер учаскесінің жалпы ауданы, га жалдау мерзімі, жылдар

Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамы, оның ішінде

Топырақтың сапалық сипаттамасы, (бонитет балы)

Суменқамтамасызету

Басқаша

Егістік

Жайылымдар

Шабындықтар

Басқа жерлер

 

 

 

1

Жаңақима ауылдық округінің әкімшілік шекараларында, № 1 лот

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

Мал шаруашылығы

152,6 га

10 жылға

 

 

152,6 га

 

Күңгірт күрең , (балл бонитеті 16,6)

Суланбаған

 

2

Жаңақима ауылдық округінің әкімшілік шекараларында, № 2 лот

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

Мал шаруашылығы

462,0 га

10 жылға

 

462,0 га

 

 

Күңгірт күрең , (балл бонитеті 17,6)

Суланбаған

 

3

Терісаққан ауылының әкімшілік шекараларында, № 3 лот

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

Өсімдік шаруашылығы

509,0 га

10 жылға

509,0 га

 

 

 

Күңгірт күрең , (балл бонитеті 26,8)

Суланбаған

 

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

1) конкурсқа қатысуға өтінім;

2) конкурсты құсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы жануарларының басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер.

Конкурсқа қатысуға өтінімде ҚР Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер болуға тиіс. Өтінімде өтініш берушілердің жұбайының (зайыбының) шетелдік азаматтығы туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Жеке тұлғалардың, шаруа қожалықтарының өтінімдерінде өтініш берушінің осы ауданда, ауылда, кентте қанша уақыт тұратынын көрсету қажет.

Өтініш беруші конкурстық ұсыныстаұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартыныңа жырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте, соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенім білдірілген тұлға) үшін – қатысушының қолымен және бірінші басшының (немесе сенім білдірілген тұлғаның) қолымен және заңды тұлғалар үшін – мөрмен (ол болған кезде) куәландырылатын, нөмірленген беттермен тігілген түрде басып шығарылған немесе өшірілмейтін сиямен жазады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Жақсы ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарынан алуға болады, https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy?lang=ru немесе тел.: 8(71635) 2-20-11  «Жақсы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.