Аудан намысын қорғаған жеңімпаздар

Аудан намысын қорғаған жеңімпаздар

Балкашино ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Көкшетау қаласында өткен у-шу-саньдадан ашық қала чемпионатына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Тутакаева Мира — I- орын, Шаповалова Дарья — I- орын, Галымжанов Карим — III- орын, Жанбатыр Бағашар мен Жанбатыр Бекзат — III- орын.

Бұл — табанды жаттығулардың, жігер мен нағыз спорттық мінездің нәтижесі. Оқушылар ауданымыздың намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Жаттықтырушыға кәсіби шеберлігі, төзімділігі және шәкірттеріне деген сенімі үшін ерекше алғыс білдіреміз. Дәл осындай білікті тәлімгерлік пен күнделікті жүйелі еңбектің арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткізіледі.

Жеңістеріңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да толағай табыстарға, жаңа жетістіктерге және тек биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!