Мұқағали мұрасына арналған тағылымды кездесу

Мұқағали мұрасына арналған тағылымды кездесу

Аудандық орталық кітапхананың коворкинг-орталығында қазақ ақыны, композитор және аудармашы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған кездесу өтті.
Іс-шара поэзия мен руханияттың нағыз мерекесі болды. Аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова құттықтау сөз сөйлеп, Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық мұрасының отандық әдебиет пен мәдениет үшін маңыздылығын, оның Отан мен адамға деген шынайы сүйіспеншілігін атап өтті.
Кездесуге жастар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мәдениет қызметкерлері мен аудан жұртшылығы қатысты. Ақынның жанды өлеңдері, оның сөздеріне жазылған әндер шырқалды, шығармашылық нөмірлер мен әдеби шығармалар ұсынылды.
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы бүгінгі ұрпақты біріктіріп, рухани құндылықтарды сақтауға, ұлттық мәдениет пен ана тілін құрметтеуге шабыттандырады.