
Құрметті мұсылман қауымы!
Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті де қастерлі Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – рухани тазару мен жаңғырудың, мейірім мен қайырымдылықтың, сабыр мен шүкіршіліктің айы. Бұл айда халқымыздың бірлік пен татулыққа негізделген ізгі дәстүрлері айқын көрініс табады. Ағайын арасындағы сыйластық артып, мұқтаж жандарға қол ұшын созу, сауапты істер жасау кеңінен өріс алады.
Қасиетті Рамазан әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ынтымақ пен ырыс әкелсін. Ұстаған оразаларыңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Баршаларыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін.
Қасиетті ай баршамызға жақсылық пен жарқын үміт сыйласын!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.