ХАБАРЛАМА
Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Державин қаласы, Ленин көшесі, 34 үй мекен-жайы бойынша 2026 жылғы 16 наурыздан бастап 2026 жылғы 8 сәуірді қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.
Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: 2026 жыл 9 сәуір сағат 9.00-де мекен-жай Державин қаласы, Ленин көшесі, 32 үй
|
№ п/п |
Жер учаскесінің орналасқан жері (Лоттың №) |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) |
Алаңы (га) |
Бонитет балы |
Топырақсипаттамасыныңсапасы |
Сумен қамтамасыз ету |
Өңірдіңауылшаруашылықмамандануы |
|
1 |
(№ 1 лот) Пригород ауылы |
табиғи жайылым |
154,0 |
10,1 |
күреңтопырақ |
қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
2 |
(№ 2 лот) Львов ауылы |
табиғи жайылым |
186,0 |
23,7 |
күреңтопырақ |
қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
3 |
(№ 3 лот) Костычев ауылдық округі (Маяк) |
табиғи жайылым |
389,0 |
34,0 |
күңгірт-күрең топырақ |
қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
4 |
(№ 4 лот) Костычев ауылдық округі (Маяк) |
Барлық алаңы: соның ішінде: егістік табиғи жайылым |
342,0
235,6 106,4 |
25,5 31,3 |
күңгірт-күрең топырақ |
қамтамасыз етілген |
өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығы |
|
5 |
(№ 5 лот) Пригород ауылы (Западное) |
табиғи жайылым |
330,0 |
23,4 |
күреңтопырақ |
қамтамасыз етілген |
мал шаруашылығы |
|
6 |
(№ 6 лот) Пригород ауылы (Западное) |
Барлық алаңы: соның ішінде: табиғи жайылым жақсартылған жайылым |
250,8
139,8 111,0 |
22,2 21,5 |
күреңтопырақ |
қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
7 |
(№ 7 лот) Пригород ауылы (Западное) |
Барлық алаңы: соның ішінде: табиғи жайылым жақсартылған жайылым |
159,3
46,0 113,3 |
30,2 24,3 |
күреңтопырақ |
қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
8 |
(№ 8 лот) Гастелло ауылы |
табиғи жайылым |
68,0 |
24,2 |
күңгірт-күрең топырақ |
қамтамасыз етілген |
мал шаруашылығы |
|
9 |
(№ 9 лот) Нахым ауылдық округі |
табиғи жайылым |
46,7 |
18,0 |
күреңтопырақ |
қамтамасыз етілген |
мал шаруашылығы |
Конкурс Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 43-1-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген) сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім Жер кодексінің 43-1 бабының 9 тармағындағы көрсетілген ақпараты қамтылуы тиіс.
Конкурстық ұсыныста қамтылуы тиіс:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылады.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Ұпайлар келесі критерийлер бойынша беріледі:
- жер учаскесін жалға алудың алғашқы бес жылында 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі: суарылмайтын егістікке (мың теңге), жайылымдық және шабындық алқаптарға (мың теңге), жайылымдық алқаптарға-ауыл шаруашылығы жануарлары басының (бастарының) болуы, меншігіндегі ауыл шаруашылығы техникасының (бірліктерінің) болуы, технологиялық жабдықтың болуы (бірлік), ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы
- осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдар
- ауыл шаруашылығы кооперативтеріне.
Өтінімдерді беру кезінде "Қазақстан Республикасы азаматында шаруа немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін республика және бір әкімшілік аудан (қала), облыс шегіндегі ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 42 қаулысын басшылыққа алу қажет. шаруашылық, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуынсыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы және оның үлестес тұлғалары ауыл шаруашылығы алқаптарының бар-жоғын көрсетсін.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің http://zharkain.gov.kz/интернет-ресурстарында немесе Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 8(71648)92387 телефон нөмірі бойынша алуға болады.