Жүлделі орындар — қажырлы еңбектің жемісі

Жүлделі орындар — қажырлы еңбектің жемісі

Сандықтау аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шаңғышылары Зеренді ауданында XXV қысқы Олимпиада ойындарына арналған шаңғы жарысынан өткен ашық біріншілікке қатысты. Спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, нағыз спорттық мінез бен жеңіске деген жігерлерін танытып, жарыста лайықты өнер көрсетті.

🥇 Никитин Мирон — 1- орын

🥇 Локусов Александр — 1- орын

🥈 Полякова Ясмина — 2- орын

🥈 Сараев Роман — 2- орын

🥉 Шмит Полина — 3- орын

🥉 Кульбаба Ангелина — 3- орындарды жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Сондай-ақ жаттықтырушыларға еңбектері, кәсібиліктері және шәкірттеріне деген сенімдері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.