Аудан әкімі кезекті аппараттық кеңес өткізді

Аудан әкімі кезекті аппараттық кеңес өткізді

️Бүгін аудан әкімі Серік Құдабай төрағалығымен бөлім басшылары мен жауапты қызметтердің қатысуымен аппараттық кеңес өтті.
Кеңес барысында күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Жамбыл және Широков ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары шығарылып, жаңадан сайланған әкімдерге қызметтік куәліктер табысталды.
Сондай-ақ су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағытта күштер мен құралдардың дайындығы, алдын алу шараларының жүргізілуі және барлық тиісті қызметтердің өзара іс-қимылы талқыланды.
Кеңесте ауданның туристік әлеуетін дамыту мәселелері де қаралып, аумақтың тартымдылығын арттыру және инфрақұрылымды одан әрі дамыту бойынша шаралар айтылды.
Кеңес соңында ағымдағы ұйымдастырушылық мәселелер қаралды. Барлық бағыттар бойынша нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды. Тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды.