Аудан әкімдігінде медицина мен әлеуметтік сақтандырудың негізгі мәселелері талқыланды

Аудан әкімдігінде медицина мен әлеуметтік сақтандырудың негізгі мәселелері талқыланды

Қоғамдық мәселелер бойынша өңірлік кеңесулерде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау мақсатында аудан әкімдігінің мәжіліс залында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерге арналған кеңес өтті.

Кеңесті аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова жүргізді.

Кеңес жұмысына: Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының уақытша басшысы қызметін атқарып жүрген Қанат Тұман, АҚФ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының бас сарапшысы Баян Сейтқалиева, ҚР ДСМ ДКМФК медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы Әсемгүл Аққожина, Сандықтау аудандық ауруханасының бас дәрігері Жандос Маханов қатысты.

Жиында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кеңеске қатысушылар медицина саласындағы қызықтыратын сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.