Аудан әкімінің орынбасары ұйым басшыларымен жедел кеңес өткізді

Аудан әкімінің орынбасары ұйым басшыларымен жедел кеңес өткізді

Ауа температурасының күрт төмендеуі мен қатты аяздардың басталуына байланысты Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Ахметов ұйым басшыларымен жедел кеңес өткізді.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – жылу беру маусымының өтуі болды. Әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етуді тұрақты бақылау қажеттігіне, сондай-ақ қысқы кезеңде автомобиль жолдарының жай-күйіне ерекше назар аударылды.

Ұйым басшыларына жылу жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, инженерлік желілерге бақылауды күшейту және ықтимал төтенше жағдайларға уақытылы әрекет ету тапсырылды.