Ауыл тұрғындарының денсаулығы— басты назарда

Ауыл тұрғындарының денсаулығы— басты назарда

Максимовское ауылдық округіне жасалған жұмыс сапары аясында Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай жаңа ауылдық дәрігерлік амбулаторияны аралап көрді. Сапар барысында аудан әкімі медициналық көмектің көрсетілу жағдайымен танысып, тұрғындармен жүздесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Амбулатория белгіленген стандарттарға толық сәйкес келетін заманауи медициналық жабдықтармен, қажетті жиһазбен және компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, 2026 жылы Ақмола облысы басшылығы мен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қолдауымен Каменка, Лесное және Байдалы ауылдарында үш әлеуметтік жоба жүзеге асырылатын болады.