
Ауа райының күрт өзгеруіне, қатты қар жауып, желдің күшеюіне байланысты — аудан әкімі Серік Құдабай Сандықтау ауылындағы автомобиль жолдарын тазалау жұмыстарының барысын тексерді.
Қар тазалау жұмыстарына «Муса» және «Белуха» ШҚ техникасы жұмылдырылған.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі маңызды әлеуметтік нысандарды аралап көрді: ауылдық дәрігерлік амбулатория, Мәдениет үйі, жалпы білім беретін мектеп және жылу қазандығы.
Ауылдық амбулаторияда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Айта кету керек, диспансерлік есепте тұрған және МӘМС жарнасы төленбеген азаматтар тегін дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді алу барысында шектеулерге тап болуы мүмкін.
Осыған байланысты жұмыс берушілер мен қызметкерлерге МӘМС жарналарын төлеу және олардың уақытылы аударылуын тексеру ұсынылды, себебі бұл сапалы медициналық көмекке қолжетімділікке тікелей әсер етеді.
Сондай-ақ, күрделі ауа райы жағдайында автожолда кезекшілік атқарып жүрген учаскелік инспектормен әңгімелесулер өтті.
Коммуналдық қызметтерге өмірді қамтамасыз ету объектілеріне апаратын жолдарды үнемі бақылауда ұстау тапсырылды.