
2010–2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден Ақмола облысы Кубогының екінші ойын күні аяқталды.
Спортшыларға құттықтау сөзбен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай сөз сөйлеп, турнирге қатысушыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі және командалардың дайындық деңгейінің жоғары екенін атап өтті.
Екінші ойын күнінің қорытындысы бойынша нәтижелер төмендегідей болды:
1-орын — Целиноград ауданының командасы (9 ұпай);
2-орын — Сандықтау ауданының командасы (6 ұпай);
3-орын — Аршалы ауданының командасы (3 ұпай).
Өткен матчтар тартысты, әрі әсерлі өтіп, жанкүйерлерге жарқын эмоциялар мен нағыз спорттық бәсеке сыйлады. Барлық командаларды құттықтап, алдағы уақытта толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!