Сандықтау ауданындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды жаңа жылдық құттықтау

Сандықтау ауданындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды жаңа жылдық құттықтау

Жаңа жылдың сиқырлы мерекесі қарсаңында Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова Аяз ата, Ақшақармен бірге денсаулық мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты жаңа жылдық ертеңгілікке қатыса алмаған балалардың үйлеріне барды.

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабайдың атынан әкім орынбасары балаларды келе жатқан Жаңа жылмен жылы лебізбен құттықтап, зор денсаулық тіледі.

Балалар Аяз ата мен Ақшақарды асыға күтіп, кездесуге мұқият дайындалып, жаңа жылдық тақпақтар жаттап, қонақтарды шынайы күлкімен қарсы алды. Мерекелік көңіл күй, көрсетілген назар мен қамқорлық балаларға ұмытылмас әсер сыйлап, нағыз жаңа жылдық атмосфераны сезіндірді.