Мейірім мен шаттыққа толы Жаңа Жыл

Мейірім мен шаттыққа толы Жаңа Жыл

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде ерекше назар мен қолдауды қажет ететін балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті.

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай балалар мен олардың ата-аналарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күй, зор денсаулық және оқуда табыс тіледі, сондай-ақ балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.

Мереке жылы әрі қуанышты атмосферада өтті. Балалар шат-шадыман күйде шеңбер құрып би биледі, түрлі байқауларға қатысты, театрландырылған қойылымды тамашалады, шығармашылық ұжымдармен бірге би билеп, әрине, Аяз атамен бірге басты Жаңа жылдық Ару — шыршаны жақты.

Бұл күн жылулықтың, мейірімділіктің және жаңа жылдық ғажайыптың шынайы символына айналып, әрбір баланы қамқорлық пен назарға бөлеудің, оларға қуаныш сыйлап, ғажайыпқа деген сенім ұялатудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір еске салды.