
Балкашино ауылы Жамбыл көшесі бойында су құбыры желісінде жарылу орын алды.
«Сандықтау-Су» ШЖҚ МКК коммуналдық кәсіпорны тарапынан апаттық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Жарылуды жою үшін 1 бірлік арнайы техника мен суды сорып шығаруға арналған мотопомпа тартылды.