
Құрметті жерлестер!
Сіздерді еліміздің мемлекеттік мерекесі — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн баршамыз үшін айрықша, терең мәнге ие. Халқымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен ұлттық батырлардың рухына тағзым ету — біздің қасиетті парызымыз. Олардың Отанға деген жанқиярлық сүйіспеншілігі бүгінгі және келер ұрпаққа жарқын үлгі болып табылады.
Тәуелсіздік күні қазақстандықтардың тарихы мен тағдырында ерекше орын алады. Ол өз болашағын өзі айқындауды таңдаған, еркін елде өмір сүруді мақсат еткен халқымыздың бірлігі мен ынтымағын айшықтайды.
Бүгінде Қазақстан — дамыған экономикасы мен зор әлеуеті бар, азаматтарының өмір сүру сапасын қамтамасыз ететін заманауи демократиялық мемлекет.
Ауданымызда қырықтан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, еңбек етуде. Бұл — еліміздегі ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың айқын дәлелі.
Әрбір шаңыраққа, әрбір отбасына зор денсаулық, бақ-береке, тыныштық пен толағай табыс тілеймін. Туған жерімізде әрдайым бірлік пен өркендеу салтанат құрсын!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.