
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Желтоқсан: болашақ үшін тарих сабағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жылқыбаев, «Amanat» партиясының төрайымы Майя Аркенова, аудандық пошта байланысы торабының басшысы, Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Гүлмира Молдахметова, Ардагерлер кеңесінің төрайымы Бақыт Сейтжанова, сондай-ақ мектеп оқушылары мен жастар өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстанның тәуелсіз, әрі егемен мемлекет ретінде қалыптасу үдерісімен байланысты тарихтың қасіретті беттерін талқылады. Ұлттық өзіндік сананың қалыптасуындағы Желтоқсан оқиғасының маңызына ерекше назар аударылды. Сөз сөйлегендер тарихи жадты сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, жастарды өз батырларын ұмытпауға, ата-бабалардың ерлігін құрметтеуге және ел тарихына құрметпен қарауға шақырды.