Сандықтау ауданы әкімінің Широковское және Бірлік ауылдық округтерінің тұрғындарымен есептік кездесулері

Сандықтау ауданы әкімінің Широковское және Бірлік ауылдық округтерінің тұрғындарымен есептік кездесулері

Аудан әкімі Серік Құдабай Широковское және Бірлік ауылдық округтерінің тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізді. Кездесу барысында әкім ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жоспарларын атап өтті. Сондай-ақ ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есептері ұсынылды.

Тұрғындар шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Олардың ішінде Красная Поляна ауылындағы көшелерді асфальттау және топтық су құбыры бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау.

Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды, оның барысында тұрғын бұрын "Широкое" ЖШС-де болған шартты жер үлестерінің ауданын нақтылау мәселесі бойынша жүгінді.

Барлық айтылған сұрақтар бақылауға алынды.