
Графикке сәйкес аудан әкімі Серік Құдабай Лесной және Жамбыл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында әкім атқарылған жұмыс және ауданның даму жоспарлары жөнінде есеп берді. Сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері де тұрғындар алдында сөз сөйлеп, өткен кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есептерін ұсынды.
Есептік кездесулер аясында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдау кезінде тұрғындардың бірі жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімін беру мәселесімен жүгінді.
Ауылдық округтердің тұрғындары сондай-ақ бос жүрген иттерге қатысты және үйдегі интернет сапасына байланысты мәселелерді көтерді.
Көтерілген барлық мәселелер бойынша тиісті бөлімшелерге тапсырмалар берілді.