Жаңа буын көшбасшылары: «Жас Ұрпақ» қатарына қосыл

Жаңа буын көшбасшылары: «Жас Ұрпақ» қатарына қосыл

Ақмола облысының прокуратурасы ұйымдастырған шарада Сандықтау ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында «Жас Ұрпақ» аудандық жастар ұйымына мектеп лидерлерін қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – белсенді жастарды қолдау және мектеп оқушылары арасында көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
Салтанатты шараға Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай, аудан прокурорының орынбасары Жалғас Жиенбеков, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мейрам Жапбасов қатысты.
Өз сөзінде аудан әкімі жастар бастамаларының маңыздылығын және өскелең ұрпақтың қоғамдық өмірдегі рөлін атап өтті. Ол «Жас Ұрпақ» ұйымы жергілікті қауымдастықтарды дамытуға бағытталған идеялар мен жобаларды жүзеге асыратын алаң екенін айтты. Сондай-ақ, жаңа мүшелерге болашақта табысты жұмыс, жауапкершілік пен бастамашылдық танытуларын тіледі.
«Жас Ұрпақ» ұйымының қатарына енген жастар өздеріне көрсетілген сенімді ақтайтынын және қоғамды дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруда белсенді болатынын жеткізді.