Жарқын миниатюралар — үлкен жетістіктер

Жарқын миниатюралар — үлкен жетістіктер

2025 жылғы 22 қарашада Көкшетау қаласында өткен «Super Star Fest» халықаралық көпжанрлы конкурс-фестиваліне аудандық Мәдениет үйінің Карина Бочарова жетекшілік ететін «Каламбур» миниатюра театрының ұжымы қатысты.
Жас әртістер үшін бұл осындай ауқымды шығармашылық алаңдағы алғашқы дебют болды. Қобалжуға қарамастан, балалар тапсырманы абыроймен орындап, жарқын, әсерлі және эмоцияға толы қойылымдарын ұсынды. Ересек топ авторлық «Сиқырлы поролон» қойылымын көрсетті, ал кіші топ С. Маршактың «Багаж» шығармасын сахналады.
Байқау қорытындысы бойынша екі топ та Супер Гран-при және Гран-при марапаттарына ие болды.
Құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!