Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының отырысы

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының отырысы

Бүгін Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанованың төрағалығымен әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс жұмысына комиссия мүшелері, Ана кеңесінің өкілдері, сондай-ақ ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
Отырыстың барысында әйелдер арасында бизнес бастамаларды дамыту, субсидиялар беру және әйел кәсіпкерлігін қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері қаралды, сондай-ақ 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.