Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова консультативтік-кеңесші органның отырысын өткізді

Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова консультативтік-кеңесші органның отырысын өткізді

Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанованың төрағалығымен қылмыстық жазаларды орындау мекемелеріне жәрдемдесу және бостандыққа шыққан адамдарға көмек көрсету мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.
Күн тәртібінде 2025 жылғы 1 тамыздағы ККО-ның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы, өткен кезеңдегі қылмыс деңгейіне талдау және оның алдын алу шаралары, 2025 жылға ККО жұмысының қорытындылары, сондай-ақ 2026 жылға консультативтік-кеңесші органның жұмыс жоспарын бекіту мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.