Ауданның дамуы және маусым қауіпсіздігі: аппараттық кеңестің негізгі шешімдері

Ауданның дамуы және маусым қауіпсіздігі: аппараттық кеңестің негізгі шешімдері

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай аудандық бөлім басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.
Күн тәртібінде мемлекеттік органдардың ағымдағы жұмысы, бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы және жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылуы мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар жүктелді: жылыту маусымын тұрақты жүргізуді қамтамасыз ету, туындаған жағдайларға жедел әрекет ету, қыс мезгілінде жолдарды дұрыс күтіп- ұстау, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру бағытындағы жұмысты жандандыру.
Сонымен қатар, азаматтарға «Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында жан-жақты қолдау көрсетудің маңыздылығы атап өтілді, бұл олардың қолдауды уақытылы алуына мүмкіндік береді. Бұған қоса, алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында су өткізу нысандарының жай-күйін тексеріп, ықтимал қауіп-қатерлерді азайту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.