
Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай «Аманат» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында Балкашино ауылында ірі қара малды вакцинациялау мәселелері, сондай-ақ жаяу жүргіншілер үшін тар, әрі қыс мезгілінде тайғақ, әрі қауіпті болып кететін Чернов көшесін тазалау және кеңейту қажеттілігі талқыланды.
Тұрғындар тротуарлардың қанағаттанарлықсыз жағдайына назар аударып, олармен жүрудің қиындығын атап өтті және жаяу жүргіншілер аймақтарын тазалау жұмыстарын бақылауды күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және кейбір көшелерде жылдамдықты шектеу мақсатында қосымша жол белгілерін орнату жөнінде ұсыныстар айтылды.
Аудан әкімі барлық өтініштерді мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді қарастырып, оларды шешу үшін қажетті шаралар қабылдауды тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырды.