
Сандықтау ауданы әкімі аппаратының 2025 жылғы 13 қазандағы конкурстық комиссиясының шешімімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымына Сафарбаев Асылбек Мұратбекұлы тағайындалды.
Асылбек Мұратбекұлы 1991 жылы Өзбекстан Республикасының Навоий облысында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар:
2013 жылы «Есіл Университетін» «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған;
2022 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Жылуэнергетикалық инженерия» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2011 жылы «Жаңа брокер» ЖШС-інде бастаған.
2015–2017 жылдары Степногорск қаласы әкімінің аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.
2017–2018 жылдары Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман және сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2018–2019 жылдары Астана қаласындағы Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының тіршілікпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болған.
2019–2020 жылдары «Жаңа брокер» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарған.
2020–2021 жылдары Степногорск қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының орынбасары, кейін бөлім басшысының міндетін атқарған.
2021–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің өңірлік құжаттарды әзірлеу және мониторинг жүргізу басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарған.
2024–2025 жылдары Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімін басқарған.
2025 жылғы 10 қарашадан бастап Сафарбаев Асылбек Мұратбекұлы Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымындағы міндеттерін орындауға кірісті.