Аудан әкімінің статистика қызметкерлері күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің статистика қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті мемлекеттік статистика органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Статистика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің еңбектеріңіз ауданымыздың, облысымыздың және еліміздің дамуына зор үлес қосып келеді. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында әлеуметтік-экономикалық даму, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған шешімдер қабылдауға негіз болатын сенімді деректер қалыптасады.

Еңбектеріңіз әрдайым дәлдікпен, тұрақтылықпен және еңбектеріңіздің лайықты бағаланумен ұштассын. Отбасыларыңызда амандық, береке-бірлік пен шаттық орнасын.

Сіздерге жаңа жетістіктер, шабыт және ертеңгі күнге нық сенім тілеймін!

Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.