Статистика саласы қызметкерлерінің күні: алғыс пен құттықтаулар

Статистика саласы қызметкерлерінің күні: алғыс пен құттықтаулар

Статистика қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Жылқыбаев аудандық статистика бөлімінің қызметкерлерін құттықтады.

Әкімнің орынбасары статистиканың әлеуметтік-экономикалық үдерістердің дамуына қосатын үлесінің маңыздылығын атап өтіп, ұжымға жауапкершілікпен атқарып жүрген еңбектерлері мен жоғары кәсібиліктері үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ қызметкерлерге мықты денсаулық, амандық, шабыт және қызметтік жолында толағай табыстар тіледі.